Artlineracing Жаңалықтар

Барселонадағы бірінші жарыста екі спортшымыз подиумда болды

Достар, «Ең бастысы — процесс емес, ең бастысы — нәтиже» деген ұранмен Испаниядағы кезеңнің бірінші жарысы туралы жаңалықты жариялаймыз
1-ші іріктеудің қорытындысы бойынша 6-шы болып бастаған Егор Оруджев басында позициясынан айырылып, жарыс барысында 7-ші келді. Ал мәреге екі айналым қалғанда ол 4-ші орынға жетті. Бұл өте жақсы нәтиже.

Шота мен Найджелдің жарысы болса әлдеқайда қызық болып шықты. Шотаның көлігі жарысқа 10 минут қалғанда қиыршық тасқа шығып кетті, бірақ ол пелотонның соңында жарысқа аман-есен оралды. Содан кейін бірнеше рет басып озып, соңғы айналымда ол екінші болып келді. Нәтижесінде Барселонада подиум және Қазақстанның туы желбіреді.

Класта соңғыдан алдыңғы болып бастаған Найджел Байли керемет күш-жігер танытып алға ұмтылды. Өкінішке орай, жарыстың көрсетілімі оның жарып өтуін көрсетпеді, біз тек соңғы айналымда ғана Найжделдің класта екінші болып келгенін көрдік. Ол Еуропаға Қазақстанның туын желбіретті.

Нәтижесінде Барселонада бірінші жарыста 2 подиум: Шота мен Найджел! Жарайсыңдар, жігіттер.

Алда тағы бір жарыс болады! Командамызды ардақтап, нәтижесін күтейік.