Artlineracing Жаңалықтар

Lamborghini Cup 2024 классының чемпионы

LC классының үздік спортшысы Шота Абхазава да Lamborghini Super Trofeo Europe жарысында LC және AM класстарының финал жарысын басынан аяғына дейін жақсы өткізіп, жалпы есепте үздік үш жеңімпаздың қатарына кірді. Ол оның класстағы жетінші жеңісі. Бұл Шота Еуропа сериясының тарихына жеңімпаз ретінде енді дегенді білдіреді!!!
Lamborghini Cup 2024 классының чемпионы Шотаны және ArtLine Kazakhstan🇰🇿 командасын құттықтаймыз!

Жарайсыңдар жігіттер, сендер үлкен жұмыс атқардыңдар!

Найджел Байли мәреге жетінші болып жетті. Ол команданың қорына ұпай алып келді. Енді біз серияның командалық есептегі ұпайлардың санын асыға күтеміз.

Алайда, біз сіздермен қоштаспаймыз, бүгін бізді Lamborghini Super Trofeo әлемдік финалы күтіп тұр. Командамызға қолдау көрсетіп ақ жол тілеміз!