Artlineracing Жаңалықтар

ArtLine Kazakhstan командасы тағы да екі жеңіске жетті!

Соңғы кезеңде жарыстар бөлініп өткізілді. Әдеттегі кезеңдерде болғандай төрт класс емес, осы жолы әр жарыста тек екі класс бірге күш сынасты.
Осылайша, бірінші жарыс сессиясы Шота Абхазава үздік болған LC класстары және бельгияның легионері Найджел Байли қатысып жатқан AM класстарының қатысуымен өтті.

Әрине, оның спортшыларға пайдасы зор, өйткені олар негізінен тек тікелей қарсыластарымен жарысты.
Сондықтан таңертең иеленген поул-позишнді Шотаға жеңіске жеткізуге ештеңе кедергі болмады. Бұл команданың осы маусымдағы қатарынан алған 6-шы жеңісі. ArtLine Kazakhstan жанкүйерлерінің саны өсіп жатқаны қуантады!

Ал Найджел Байли мәреге 8-ші болып жетті.