Artlineracing Жаңалықтар

Lamborghini Super Trofeo World Final жеңімпазы!

Жексенбіде 17 қарашада Lamborghini Super Trofeo World Final әлемдік финалының екінші жарысында Қазақстанның әнұраны🇰🇿 бесінші рет шырқалды. Егор Оруджев 2024 жылдың маусымындағы соңғы жеңісті әкелді.
PRO және PRO-AM класстары финалының бірінші жарысында Егор төртінші орынды иеленді. Бірақ екінші жарыста Еуропа сериясының көшбасшысы Амри Бондюэльдің артынан жүріп Егор қарсыласына қысым көрсету тактикасын таңдады. Оған қоса, ArtLine Kazakhstan механиктері керемет шеберлік көрсеткен бірқатар пит-стоптардан кейін Оруджев Бондюэльді озып жарыста да, әлемдік финалда да лайықты жеңіске жетті!

Егор Оруджев (ArtLine Kazakhstan) Lamborghini Super Trofeo World Final жеңімпазы!