Artlineracing Жаңалықтар

Бірінші кезең, екі жарыс — екі подиум!

Құрметті достар, біз Францияның Paul Ricard жолынан шағын репортаждарымызды жалғастырамыз.
Бүгін бірінші кезеңнің екінші жарысы өтті. Онда Шота Абхазава жайлы орыннан, жеңімпаз Адриан Левандовскийден кейін жарысын бастады. Сөреден кейінгі алғашқы айналымдардан бастап Шота қарсыласын озып, пит-стоптар сериясына дейін жарты жарыс бойы бірінші болып келе жатты. Бірақ мәреге 6 минут қалғанда жеңіс үшін керемет әрі қызу тартыста Адриан мен Шота Францияның жылдам жарысшысы Стефан Трибодиниді алға жіберіп алды. Стефан өз елінде өтіп жатқан жолда жақсы күш сынасты, ол қарсыластарынан алыс кетіп, оларға екінші орын үшін күресті берді. Осы жолы тағы да жарыстың соңғы айналымдарында Шота Польшаның споршысына сәл ұтылып, мәреге үшінші болып келді.

Соған қарамастан Қазақстанның туы марапаттау подиумында тағы да көтеріліп, ArtLine Kazakhstan командасы үшін маусым екі жүлделі орынмен басталды. Алда Еуропаның белгілі жолдарында өтетін чемпионаттың бес кезеңі күтуде.

Сіздердің қолдауларыңызды 30 мамыр мен 1 маусым аралығында өтетін Италияның Monza жолында келесі кезеңде күтеміз.
Lamborghini Super Trofeo: Қазақстан маусымды жүлдемен бастады!

2025 маусымының алғашқы кезеңі — және бірден екі жүлде ArtLine Kazakhstan үшін!
2024 жылғы чемпион Шота Абхазава AM класына өтіп:
  • сенбіде 2-орын алды (алтынға небәрі 0,2 сек жетпеді!)
  • жексенбіде кек қайтарып, жеңіске жетті!

Жарайсың, Шота!
Келесі кезеңді асыға күтеміз!