Демалыс күндері ARTLine Kazakhstan командасы үшін Испанияның Circuito de Jerez de la Frontera, Andalusia жолында керемет соңғы жарыс кезеңдері өтті. Үш кезең қатарынан Қазақстанның спортшылары Еуропа жолдарында ең жылдам жүретін жарысшылары болып атанды.
Соңғы кезеңде Шота Абхазава (нөмірі №75) Lamborghini Cup классында алдыңғы 5 кезеңнің қорытындысы бойынша 10 жарыста 5 рет жеңіске жетіп бірінші орынды иеленді. Егор Оруджев (нөмірі №57) PRO классында серияның аралық протоколында 3-ші орында болды, ол осы маусымда 2 рет жеңіске жетті.
Бейсенбіде біздің команданың спортшылары Шота Абхазава мен Егор Оруджев кезеңді іріктеу жарысында жеңіп алған екі поул-позишннан бастады. Бұл олар екі жарысты старт торында бірінші орыннан бастады деген сөз.
Өз бетінше өтетін соңғы кезеңдегі жарыстар екіге бөлінді. Осы жолы әдеттегі кезеңдерде сияқты төрт класс бірге жарыспады, тек екі класс бірге жолға шықты. Оның спортшыларға пайдасы зор, өйткені олар негізінен тек тікелей қарсыластарымен күш сынасты.

Бірінші жарыста LC және AM класстары жолға шықты. Онда біздің Бельгия легионері Найджел Байли да қатысты. Шота Абхазаваға таңертең алған поул-позишнді жеңіске жеткізуге ештеңе кедергі болмады. Ол ең жақын келе жатқан қарсыласынан 10 секундтан астам үзіліспен алда болды. Айналмалы жарыстарда қарсыластар арасындағы алшақтық секундтың мыңнан бір бөлігі болуы мүмкін. Бұл кәдімгідей көп уақыт. Осы маусымда ол қатарынан алтыншы жеңіс болды!

Жарыс ауыр ауа райы жағдайында өтті – жаңбыр мен нашар көрінім көптеген жол апаттарына әкелді, жарыстың ең көп бөлігі қауіпсіз автокөлік тәртібінде өтуге мәжбүр болды. Жолда Егор Оруджев тіпті рестарт тәртібінде де қарсыластарын өзіне жақындатпады. Мәреге тура бес минут қалғанда жарыс тоқтатылып, Егор Оруджевтің жеңісі құрметіне Испанияның жолында тағы да Қазақстанның әнұраны шырқалды!

Жұма күні жарыс реті өзгертіліп, PRO және PRO-AM класстарының екінші жарысы өткізілді. Поул-позишннан бастаған Егор Оруджев қарсыластарына тағы да жеңіске жетуге мүмкіндік бермеді. Егор жарыстың барлық 50 минут барысында қарсыластарынан жақсы уақытпен алға шықты және ең бірінші болып мәреге жетті. Бұл оның маусымдағы төртінші жеңісі!

Шота Абхазава LC және AM класстарының Еуропа сериясының финалдық жарысын басынан аяғына дейін сенімді өткізді. 27 айналымды өтіп, классындағы қарсыластарын әр айналым сайын артта қалдырып, Шота аңсаған чемпион атағына жақындады. Нәтижесінде ол жалпы есепте үздік үштікке еніп, класстағы жетінші жеңісіне қол жеткізді. Осылайша ол Еуропа сериясының тарихында LC классының чемпионы болды! Шота берген сұхбатында бұл ауа-райының өзгеруі, Ле-Ман жарысының болмай қалуы және басқа да қызықты сәттерге толы керемет маусым болғанын атап айтты. Серияға қатысу үлкен қуаныш екенін еске салып, барлық командаға бірінші кезеңнен бастап соңғы кезеңге дейін тамаша жұмыс атқарғаны үшін алғысын білдірді.

Шынында да, ARTLine Kazakhstan спортшыларына жарыстарда үздіктер қатарында болуға және 2024 жылдың маусымын үлкен жетістіктермен аяқтауға барынша жағдай жасаған тамаша техниканы дайындаған және пит-стоптарды еш қатесіз орындаған команданың мінсіз жұмысын атап айтпаса болмайды.
Соңғы кезеңдегі екі жеңіс, Circuito de Jerez de la Frontera жолында Қазақстанның әнұраны төрт рет шырқалды. Ал жексенбіде 17 қарашада Lamborghini Super Trofeo World Final әлемдік финалының екінші жарысында Қазақстанның әнұраны бесінші рет шырқалды. Егор Оруджев 2024 жылдың маусымындағы соңғы жеңісті әкелді.
PRO және PRO-AM класстары финалының бірінші жарысында Егор төртінші орынды иеленді. Бірақ екінші жарыста Еуропа сериясының көшбасшысы Амри Бондюэльдің артынан жүріп Егор қарсыласына қысым көрсету тактикасын таңдады. Оған қоса, ArtLine Kazakhstan механиктері керемет шеберлік көрсеткен бірқатар пит-стоптардан кейін Оруджев Бондюэльді озып жарыста да, әлемдік финалда да лайықты жеңіске жетті! Егор Оруджев (ArtLine Kazakhstan) Lamborghini Super Trofeo World Final жеңімпазы!
Әлемдік финал – Солтүстік Америка, Еуропа және Азия қатысатын Lamborghini Super Trofeo үш сериясының финалы. 2024 жылғы финал үш континенттен 67 қатысушының басын қосты.