Artlineracing Жаңалықтар

1-ші жарыс және қазақстандық ART-Line командасының жеңісі!

Нюргбургринг аты аңызға айналған неміс автодромында сөре тізімдемеде 48 күшті спорт автокөлігі жарысқа шықты. Жарыстың басым бөлігі жаңбырлы ауа райы жағдайында өткеніне қарамастан, барлығы барынша қызу өтті. Жарысшылар 50 минут бойы ештеңе көрінбейтін жағдайда өте тайғақ жолда өткізді.
Алғашқы айналымдардан бастап Шота Абхазава сириялық қарсыласын басып озып, мәреге дейін бірінші орынды бермеді. Нәтижесінде ол класта жеңіске жетіп Қазақстанның әнұраны аңызға айналған жолда Германияда орындалды.

Команданың пит-стопта тәртіпке салынған жұмысының және жарыс шеберлігінің арқасында Егор Оруджев 10 (!!!) орынды қайтарып жеңіп, 15-ші орыннан 5-ші орынға озып шықты! Бұл ақылға сыймайтын нәтиже!

Найджел Байли жарысты байсалды өткізді. Ол 8-ші орыннан бастады, сол 8-ші болып келді.

Біздің команданы маусымдағы үшінші жеңісімен құттықтаймыз!
(Естеріңізге сала кетейік, Имолада өткен бірінші кезеңде Найджел бірінші жарыста жеңіске жетті, ал Шота екінші жарыстың жеңімпазы атанды).

Жарайсыңдар, жігіттер!

Құрметті жанкүйерлер, ертең 2-ші жарысты био-дағы сілтеме арқылы өтіп онлайн тамашалаймыз.