Artlineracing Жаңалықтар

Достар, бүгінгі күн керемет өтті! Нюргбургингте өтіп жатқан жарыстың екінші кезеңі ART-line командасы үшін 2 жеңіспен аяқталды. Қазақстан осындай жетістікке қуанып жатыр!

Егор Оруджевтің тамаша бастамасы және бірден жалпы есепте 9 орынды озып 11-ші орыннан 2-ші орынға дейін көтеріліп және PRO класында 1-ші орынға шықты. Жалпы есепте Егор жеңіс үшін бар күшін салып күрессе де, мәреге дейін ол кластағы бірінші орынды ешкімге бермеді. Мәреге 10 минут қалғанда чемпионаттың үздік жарысушысы Амри Бондюэль Егорды қуып жетуге асықты, бірақ соған қарамастан 7 секунд үлкен айырмашылықпен екінші орынға ғана қанағат болды.

Басынан бастап өз класында үздік болған Шота Абхазава бірінші орынды иеленді. Ол да дәл сол керемет 7 секунд айырмашылығымен кезеңде екінші жеңіске қол жеткізді.

ART-Line командасы керемет дубль жасады!

Айта кетейік, Найджел Байли де өзін жақсы көрсетті. Ол AM класында үш орынды жеңіл 5-ші болып мәреге жетті.

Біз шапшаң спортшыларымызды, команданы және барша жанкүйерлерді құттықтаймыз!

Lamborghini Super Trofeo Europe жарысының келесі кезеңі 11−13 қазан аралығында Испанияда Барселона-Каталония жолында өтеді.