Қымбатты достар, біз шектен тыс жылдамдықпен жүретін қайталанбас әсер беретін әлемге, автокөлік жарысына қайтадан оралып жатқанымызға қуаныштымыз.
Lamborghini Super Trofeo Europe 2025 жаңа маусымы басталды. Франциядағы Paul Ricard жолында бірінші кезеңде біздің команда Lamborghini Cup классында 2024 жылдың маусымы чемпионы Шота Абхазава жүргізген бір көлікпен күш сынасуға алаңға шықты.
Осы маусымда Шота AM (әуесқойлар) классына ауысты және сөрелік нөмірін де №12 өзгертті (бұл спортшы үшін бақытты сан — оның туған күні).
Шота іріктеу жарыстарын 5-ші орында аяқтады, сондықтан ол бірінші жарысты ыңғайсыз орыннан бастауға мәжбүр болды. Бірақ жарыстың басында ол Польшаның спортшысы Адриан Левандовскийден кейін екінші орынға озып шықты. Пит-стоптан кейін жарыстың 30 минутында Шота бірінші орынға шығып, класста мәреге дейін бірінші болып келе жатты, Бірақ... мәренің сызығына жетейін деп қалғанда Левандовский Шотаны 0,2 секундқа озып, жеңісті тартып алды.
Бірінші жарыс, бірінші подиум және күміс кубогі ArtLine Kazakhstan командасы үшін жеңістер санағын бастайды.
Спортшымызды, команданы және сіздерді, құрметті жанкүйерлер, тамаша бастамамен құттықтаймыз!